Қазақстанның ислам қаржысы және бизнес қауымдастығы, Қырғыз Республикасының ислам қаржысы қауымдастығы және Өзбекстанның ислам қаржысы және такафул қауымдастығы Исламдық қаржы бойынша өңірлік альянс құруды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі 21 мамырда Астанада Islamic Finance and Business Forum 2026 аясында өтті.
Құжат Орталық Азияда исламдық қаржыны дамытуға бағытталған өңірлік ынтымақтастық платформасын құруды көздейді. Бастама үш елдің кәсіби қауымдастықтарын бірлескен жобаларды үйлестіру, тәжірибе алмасу және өңірді исламдық капитал үшін перспективалы бағыт ретінде ілгерілету мақсатында біріктіреді.
Альянс аясында тараптар білім алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру, бірлескен зерттеулер мен аналитикалық материалдар дайындау, исламдық қаржыны ұлттық және өңірлік деңгейде ілгерілету, сондай-ақ қаржы институттарымен, реттеушілермен, инвесторлармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтасуды жоспарлап отыр.
Білім беру бастамаларын дамытуға, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға, тақырыптық жұмыс топтарын құруға және өңірдің ортақ мүдделерін халықаралық алаңдарда таныстыруға ерекше назар аударылады. Альянстың үйлестіруші хатшылығы ретінде Қазақстанның ислам қаржысы және бизнес қауымдастығы әрекет етеді.
Меморандумға қол қою Islamic Finance and Business Forum 2026-ның практикалық нәтижелерінің бірі болды және Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның кәсіби қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін белгіледі.
Өңірлік альянстың құрылуы Орталық Азия елдеріне исламдық қаржы саласында неғұрлым үйлесімді күн тәртібін қалыптастыруға, сараптамалық әлеуетті күшейтуге, кәсіби қауымдастықты дамытуға және инвесторлар, бизнес пен қаржы институттары үшін түсінікті инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.