12 ақпанда Алматы қаласында
«Исламдық қаржы тәжірибеде: исламдық банкингті енгізудің халықаралық тәжірибесі» тақырыбында практикалық семинар өтті. Іс-шараға исламдық қаржы және шариғаттық басқару саласындағы халықаралық сарапшы - доктор АбдульБари Миш’аль қатысты.
Іс-шараны Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) IMAN Global Shariah Consulting компаниясымен бірлесіп, Qaynar Bulaq (Алматы) серіктесінің қолдауымен ұйымдастырды.
Семинарға банк және қаржы секторының, сондай-ақ реттеуші және білім беру ұйымдарының 70-тен астам өкілдері қатысты. Бағдарлама аясында исламдық банкингті дамытудың халықаралық тәсілдері және банк жүйесінде исламдық терезелерді енгізудің практикалық модельдері ұсынылды.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын пікірталас бөлімі тудырды. Онда келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
Спикермен өткен белсенді диалог және практикалық кейстерді талдау қатысушыларға исламдық қаржы құралдарын енгізудің негізгі қиындықтары мен ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) Қазақстанда және өңірде исламдық қаржы экожүйесін дамытуға бағытталған халықаралық білім беру және сараптамалық бастамаларды жалғастырады.

- банк және реттеуші деңгейінде шариғат кеңесінің рөлі мен жауапкершілігі
- исламдық терезелерді ұйымдастырушылық және қаржылық бөлу қағидаттары
- шариғаттық басқару және ішкі шариғаттық бақылау модельдері